Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарты жолға келгенде ғана балаларын үйде ұмытып кеткен ана елді күлдірді (видео)

Опубликовано:

Балаларын мектепке жеткізіп салған ана шын мәнінде оларды үйде ұмытып кеткенін айтып, желідегілердің ішек-сілесін қатырды. Әй адамның айтуынша, ол білім беру ордасына бос көлікпен келген деп жазады KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Балаларын үйде ұмытып, мектепке кетіп қалған ана желіні жарды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Балаларын мектепке жеткізіп салмақ болған ана тек жарты жолға келгенде көлікте өзінен басқа ешкімнің жоқ екенін аңғарған. Келіншек мән-жайды түсінген кезде бірден қолына ұялы телефонын алып, видео түсіре бастайды.

Әйел адам камераға қарап, езуін жия алмай, қызық жайтты баяндап береді.

"Мен балаларымды мектепке апарым тастайын дегенмін. Сене алар емеспін. Мен оларды үйде ұмытып кетіппін", - дейді ол.

Келіншек видеоны әлеуметтік желіге жариялап, оқырмандарымен бөлісуге асықты.

Желідегілер ұмытшақ ананың іс-әрекетіне бір күліп алып, оған түсіністікпен қарайтындарын да жеткізді.

"Мен оның балаларына қайтып барған сәтінің видеосын көргім келеді. Олардың әсері қандай болар екен?, "Күнделікті тірліктің қамымен шаршаған адам, оған жақсы бір демалыс қажет", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, сегіз айлық балаға көлікті "басқаруға" берген ана көпшіліктің ашуын тудырғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843675-zarty-zolga-kelgende-gana-balalaryn-jde-mytyp-ketken-ana-eldi-kldirdi-video/

pixel