Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелімен сүйісіп тұрған Кенжебек Жанәбілов желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

"МузАрт" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов желіні шулатты. Өнер иесі Instagram парақшасында әйелімен сүйісіп тұрған суретімен бөлісіп, көптің қызу талқысына қалған. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды қалың жұрт назарына ерсі қылықтарын паш еткені үшін сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kenzhebekmuzart. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/kenzhebekmuzart. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бірінші наурызда көпшілік "Алғыс айту" мейрамын тойлап жатқанда, Кенжебек Жанәбілов сүйікті келіншегімен танысқан күнін атап өткен. Эстрада жұлдызы өмірлік махаббатымен 15 жыл бұрын орын алған алғашқы кездесуін есіне алып, желіде әсерлі жазба қалдырды.

"Бүгін бір қызбен таныстым. 01.03.2005ж кездесуге шақырдым.Танысқан күніміз ”Алғыс айту”күніне тұспа-тұс келген екен. Аллаға шүкір осы күніме. Ал, мына фото ”Махаббат” қаласында. Мереке құтты болсын. Әр шаңыраққа тек жақсылық тілеймін" , - деп жазған өнер иесі.

Алайда, желідегілер ерлі-зайыптылардың суретіне қарап сүйсінудің орнына, керісінше оларды сынап тастаған. Олар әншінің әйелімен сүйісіп тұрған фотосын аса ерсі санап, оған кері пікірлерін жаудырған.

"Жастар бақытты болыңдар. Бірақ мына сурет қалай өзі?" , "Масқара, ұят емес пе? Балаларыңыз қарайды ғой парақшаңызды" , "Горилла секілді жеп қояйын деп тұр" , "Қойыңызшы Кенжебек мырза, мұныңыз ұят" , "Бұйрабас сен де өнеріңді шығарайын дедің ба?" , "Аш болсаң өзіңе ұқсамайсың" , "Мынадан басқа фото жоқ па? Балаларға не тірбие бұл?" , "Ұят, Кенжебек деген атыңа сай тірлік емес" , "Өте ерсі көрінеді екен" , - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Кенжебек Жанәбіловің төртінші мәрте әке атанғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843681-jelimen-sjisip-trgan-kenzebek-zanbilov-zelide-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel