RU

Тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей бесінші мәрте ана атанды

Отандық танымал тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Ақпарат өкілі мен оның жолдасы қызды болған. Көпбалалы әке отбасындағы қуанышты жағдаймен бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/gulnaz_alimgerey. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/gulnaz_alimgerey. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұл туралы тележүргізушінің күйеуі, ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз өзінің Instagram парақшасында хабарлаған .

"Аллаға мың да бір шүкір! Дұға-тілектеріңізге рахмет! Саналы, инабатты, салиқалы болып өсуіне нәсіп етсін. Кестетігер" , - деп жазған ол.

Желі қолданушылары бірден ерлі-зайыптыларды қуттықтап, оларға өз ақ тілектерін жаудырған.

"Бауы берік болсы, үлкен азаматша болсын" , "Құттықтаймыз, қазақ еліне тағы бір ару қосылды" , "Бауы берік болсын. Алла тіл көзден сақтасын" , "Осындай кестетігер бізге де жұғысты болсын" , "Сіздердей ата-анасындай мықты азаматша болып өссін" , "Көбейе беріңіздер. Бақытты болыңыздар" , "Бауы берік болсын, ғұмырлы болсын" , "Балапандарыңыздың жасы ұзақ болсын- деп жазған көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлназ Әлімгерей бесінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлаған болатын. Қуанышты жаңалықты ол өзі тізгіндеген "Ниет" бағдарламасының тікелей эфирі кезінде жария етті. Тележүргізушінің күйеуі студияға видеоқоңыраумен хабарласып, оған естен кетпес тосынсый жасаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843694-telezrgizusi-glnaz-limgerej-besinsi-mrte-ana-atandy.html