Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Twitter қызметкерлеріне кеңсеге келуге тыйым салды

Опубликовано:

Шағын блог сервисі Twitter коронавирустың салдарынан қызметкерлеріне кеңсеге келуге тыйым салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

твиттеро
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Бұл туралы компания ресми мәлімедеме жасаған соң белгілі болды.

Бұдан былай Гонконг, Жапония, Оңтүстік Кореядағы қызметкерлер өздеріне берілген жұмысты үйлерінен атқаратын болады. Қазір Twitter осындай жағдайдан шығу үшін жұмыс жүйесін ретке келтіруде.

Басқа елдегі қызметкерлерге кеңсеге келуге рұқсат берілген. Алайда жұмыс орнында отырудың қажеті болмаса, онда міндетін қашықтықтан атқаруға болады.

Ал қалған маңызды қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін ғимараттарға тазалау және дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Компанияның мұндай саясаты бірден күшіне енген. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сақтық шараларынан бас тартуға болатынын айтып, коронавирусқа қарсы вакцина табылған кезге дейін қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істейді.

"Біздің мақсатымыз - біреудің вирус жұқтыруы немесе кездейсоқ вирустың таралу қаупін азайту. Өзімізді және өзгелерді қорғау үшін, сонымен бірге аурудың таралуын мейлінше азайту үшін осы алдын-алу қадамдарын жасауымыз өте маңызды", - деді Twitter.

Еске сала кетсек, дүние жүзі бойынша Қытайды есепке алмағанда, коронавирус тіркелген мемлекеттер саны 64-ке жетті. Мұндай мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843695-twitter-kyzmetkerlerine-kesege-keluge-tyjym-saldy/

pixel