RU

Түркістан облысында мектеп дәретханасына кіріп кеткен мас ер адам ұсталды

Түркістан облысы Төлеби ауданында мектеп дәретханасында ер адам ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында мектеп дәретханасына кіріп кеткен мас ер адам ұсталды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Әжетханада екі оқушы қыз болған. Бейнебақылау камераларынан байқап қойған мұғалімдер мен тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп ер адамды қолға түсірген.

Екі оқушы қыздың соңынан дәретханаға кірген ер адамның ішімдік ішіп алғаны анықталған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздардың денсаулығына еш қауіп келмегенін мәлімдеді. Қазір күдікті қамауға алынған.

Мектеп дәретханасынан ұсталған ер адамның 2002 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындығы анықталған.

"Сараптама тағайындалды. Аталған жәйт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр. Тергеушілер оқиғаның мән жайын анықтап жатыр,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, өткен жылы Таразда жетінші сынып оқушысының дәретханада зорланғаны туралы хабарланған еді. Аталмыш жәйт қоғамды дүрп сілкіндірді.

Осы оқиғадан соң мектеп директоры мен тағы үш қызметкер жұмыстан босатылды.

Сондай-ақ, бұл оқиғадан соң бірнеше полиция қызметкері жазаланып, мектеп инспекторы да қызметінен шеттетілген.

Оған қоса, облыстық білім басқармасының басшысы да өз еркімен қызметінен кетті.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасымен Тараз әкімі де орнын босатқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843701-trkistan-oblysynda-mektep-drethanasyna-kirip-ketken-mas-er-adam-staldy.html