Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте шомылу маусымы басталып кетті (видео)

Опубликовано:

Еліміздің солтүстігі мен шығысында аяз ақырып тұрғанда шымкенттіктер суға шомылу маусымын бастап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Отырар арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Телеарна мәліметінше, еліміздің үшінші мегаполисінде ауа температурасы +18 градусты көрсетіп тұр.

Көктемнің ызғарына қарамастан, балалар соғу шомылуда бастап кеткенін видео кадрынан анық байқауға болады.

Ролик авторы аталған жағдайдың қыстың соңғы күні 29 ақпанда Қошқар ата өзенінің бойында орын алғанын жеткізді.

Еске сала кетсек, осыған дейін жетісайлық шаштараздың қалай миллионер атанғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, лимон өсіріп миллионер атанған кәсіпкер туралы ақпарат бердік.

Шаруа қожалығы Жетісай ауданындағы Атамекен ауылдық округінде орналасқан. Кәсіптің иесі Мұрат Жұмабеков өткен жылы өндірген 5 тоннаға жуық лимонның барлығы сатылып кеткенін айтады.

Оның сөзінше, цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктің келісін 800 теңгеден сатып, 5 миллион теңге пайда тапқан.

Жұмабеков алдағы жылы лимон көлемін тағы 30 соттыққа ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жасырмады.

Белгілі болғандай, Мұрат Жұмабеков басшылық ететін шаруа қожалықтың иелігінде 17 гектар жер бар. Оның 6 гектарына шабдалы, 20 соттығына жүзім, 20 соттығына лимон, 80 мың түп шайлы роза көшеттері егілген көрінеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843703-symkentte-somylu-mausymy-bastalyp-ketti-video/

pixel