Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа төтеп бере алмайтын адамдар категориялары анықталды

Опубликовано:

Жаңа статистика іс жүзінде COVID-19 вирусын жұқтыратындардың саны көп болуы мүмкін екенін көрсетеді. Одан бөлек, зерттеу кезінде халықтың инфекцияға осал бөлігі анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ (Фото: CDC 24/7 және Pxhere)
Коллаж NUR.KZ (Фото: CDC 24/7 және Pxhere): UGC

Сарапшылар қандай жағдайда коронавирустан қайтыс болу ықтималдығы жоғары екенін түсіну үшін зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Статистика Қытайдағы ауруханаларда қауіпті дертті жұқтырған адамдарды бақылау, сондай-ақ өлім жағдайларын талдау негізінде жасалған.

Осы мәліметтерге сәйкес, іс жүзінде бұл ауруды қазіргі оқиғалардан 5-10 есе көп науқас жұқтыруы мүмкін.

COVID-19 вирусының ең үлкен қауіптілігі 70 жастан асқан адамдарға, темекі шегетіндерге және өкпе немесе жүрегінде проблемасы бар адамдарда болатындығы анықталды. Бұл ақпаратты Worldometer порталы оқырмандарға жарияланды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі ерлердің арасында байқалған Мысалы, ер адамдар 2,8% жағдайда қайтыс болса, әйелдер де бұл көрсеткіш 1,7% құрайды.

Бұл Қытайда ер адамдардың әйелдерге қарағанда темекі шегетіндігі және жоғарыда айтылғандай темекі шегу аурудың барысын едәуір қиындататындығына байланысты болуы мүмкін деп болжанады.

Еске сала кетсек, әлем бойынша инфекция жұқтырған 88 984 адамның 80 174-і Қытайда тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінге дейін Қытай Халық Республикасында коронавирустан 2915 адам көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843719-koronaviruska-ttep-bere-almajtyn-adamdar-kategorialary-anyktaldy/

pixel