RU

Жәкішев шартты түрде босатылды: Сот үкімі қашан заңды күшіне енеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Семей соты Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босататыны белгілі болды. Мемлекеттік органның баспасөз қызметі оның бостандыққа қашан шығатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұхтар Жәкішев шартты түрде бостандыққа қашан шығады

Мұхтар Жәкішев. Фото: kazatomprom.kz

Zakon.kz басылымына мемлекеттік органның баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкім бүгін шығарылғанымен ол заңды күшіне жарты айдан кейін ғана енеді. Осылайша Жәкішев бостандыққа 19 наурызда шыға алады.

Алайда соттың айтуынша, егер үкімге ешкім шағым жасамаған жағдайда ғана Жәкішев бостандыққа наурызда шығады екен. Мемлекеттік орган үкімге шағымды прокурор, сондай-ақ адвокат беруі мүмкін екенін айтты.

Егер бүгін соттың шығарған шешіміне қарсылық танытушылар болса, онда іс материалдары ШҚО облыстық сотының аппеляциялық сатысына жіберіледі.

Еске сала кетсек, бүгін Семей сотында Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралып, қанағаттандырылған еді.

Сот отырысы бүгін Семейдегі №2 сотта, таңғы 10-да басталған. Жәкішев сот залында болмады. Колониямен видеобайланыс жасалған.

Айта кетсек, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

Айта кетейік, Жәкішев осымен үшінші рет мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беріп отыр. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату жайлы өтініші екі рет қабылданбаған болатын.

Жақында ғана ел президенті "Қазатомөнеркәсіп" экс-басшысына қатысты пікір білдіріп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімді сот қана қабылдайтынын айтып, шешім әділ боларына сенім білдірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жәкішев шартты түрде босатылды: Сот үкімі қашан заңды күшіне енеді
Mailfire view pixel