RU

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған 2 мыңға жуық науқас ауруханаға кезек күтуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Корея билігі ауруханада бос палаталардың жоқтығын айтты. Бұл проблема Дегу қаласында болып жатыр. Онда 1800-ге жуық вирус жұқтырған науқас кезектерін күтуге мәжбүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Getty images/Anadolu Agency / Contributor

Көрнекі фото: Getty images/Anadolu Agency / Contributor

РИА Новости мәліметінше, Корея Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Ким Ган Нип ел билігі қауіпті дерттің таралуын алдын ала болжай алмағанын айтқан.

Оның сөзінше, 1800 адам ауруханаға жату үшін кезекте тұруға мәжбүр.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі азаматтардан кешірім сұрауды ұмытқан жоқ. Ким Ган Нип сарапшылардың коронавирустың таралу аймағын болжай алмағанын мойындады.

Ким Ган Нип көптеген науқастардың үйлерінде кезек күтуге мәжбүр болғаны үшін өкінетінін білдірді.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда COVID-19 вирусын жұқтырудың 4 812 жағдайы тіркелген. Олардың көпшілігі Дегу қаласында орын алды. Бұл жерде науқастардың көпшілігі Синчхончжи сектасын ұстанатыны белгілі болды (2383 жағдай).

Министрдің орынбасары Нип қытайлық коронавирус белгілері бар осы діннің жақтастарын тексеру аяқталғанын атап өтті.

Оның пікірінше, алдағы уақытта қарапайым азаматтарға қатысты тексеру жұмыстарын арттыру жоспарлануда.

Еске сала кетсек, әлем бойынша инфекция жұқтырған 88 984 адамның 80 174-і Қытайда тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінге дейін Қытай Халық Республикасында коронавирустан 2915 адам көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған 2 мыңға жуық науқас ауруханаға кезек күтуде
Mailfire view pixel