RU

10 жасар каратэші өзін тонамақ болған ұрылардың сазайын берді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда он жастағы каратэші бала өзін тонамақ болған ұрылардың сазайын берген деп жазады KAZ.NUR.KZ ren.tv-ға сілтеме жасап.

Он жасар каратэші бала өзін тонамақ болған ұрылардың сазайынын тарттырды (фото)

Чарли Фичер. Фото: thesun

Ағылшындық басылымның жазуынша, 10 жастағы Чарли Фичер өзіне қылмыскерлер тап берген кезде досымен бірге көшеде қыдырып жүрген.

Үш ұры баладан iPhone мен сөмкесін тартып алып, қашып кетпек болыпты.

Алайда олар өз құрбандарының каратэмен айналысатынын білмеген.

Жас спортшы өзін ренжіткендерді қуып жетіп, біреуін жығып, қалғандарымен де алысқан. Бұзақылар кішкентай баладан қашып құтылуды жөн көріпті.

"Мен бұрын-соңды мұндай жағдайда каратэ шеберлігін қолданған емеспін", - деді кішкентай Чарли.

Оның сөзінше, бұзақылар осы жағдайдан сабақ алған. Полиция қызметкерлері көп ұзатпай қылмыскерлерді қолға түсірген.

Еске сала кетсек, Британияның Пул қаласында екі жасар қыз бала тапқырлығының арқасында анасын құтқарып қалғаны хабарланған еді. Келіншек есінен танып қалған сәтте баласы жыламастан телефон арқылы әжесін шақырған.

Сондай-ақ, бұған дейін Филиппиннің Палаван провинциясында қарындасын қолтырауыннан құтқарып қалған жеткіншек туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
10 жасар каратэші өзін тонамақ болған ұрылардың сазайын берді (фото)
Mailfire view pixel