RU

Қазақстан мектептерінде карантин жариялана ма: Бас санитар жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "коронавирустың салдарынан ел мектептеріне карантин енгізілгелі жатыр" деген қауесетке жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

санврач

Жандарбек Бекшин. Фото: ОКҚ

Қазақстандықтар арасында әлеуметтік желілер арқылы "коронавирстың кең таралуына байланысты мектептерге карантин енгізіліп, оқушыларды демалысқа ертерек жібереді екен" деген қауесет тарап жатыр.

Алайда Жандарбек Бекшин мұндай сыбыстарды жоққа шығарды.

"Мектептерге карантин енгізілмейді", - деді Бекшин.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтар ел аумағында пневмонияның жаңа түрі анықталмағанына қатысты түрлі пікірлер айтқан еді.

Көпшілік отандық медицинаның коронавирусқа төтеп бере аларына сенбейді.

Дегенмен Денсаулық сақтау министрі елде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмегенін, анықтала қалса мұны жасырып қалмай, тұрғындарға хабарлайтынын айтты.

Сондай-ақ Елжан Біртанов ел аумағында қауіпті инфекцияның анықталмауының сырымен бөліскен. Оның сөзінше, вирустың Қазақстанда анықталмауының ешқандай құпиясы жоқ. Министр коронавирус Өзбекстан мен Ресейде де жоқ екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан мектептерінде карантин жариялана ма: Бас санитар жауап берді
Mailfire view pixel