Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аурухана не үйде оқшаулау: Қазақстанға шетелден келгендерді не күтіп тұр

Опубликовано:

Қазақстанда 1 наурыздан бастап тұрғындарды коронавирустан сақтандыру мақсатында елге сырттан келгендер үшін жаңа ережелер қабылданды. Яғни, азаматтар ауруханада карантинде болады, үйде оқшауланады. Өзге елдерден келген қазақстандықтар мен шетелдіктерді не күтіп тұрғанын KAZ.NUR.KZ анықтады.

изоляция
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысымен 1 наурыздан бастап шетелден келгендер екі аптаға өз үйлерінде оқшауланады.

Ешкімді қорқытып, шатастырмас үшін Қазақстанға кірушілерге арналған ережемен танысайық. Ереже қазақстандықтар мен шетелдіктерге бірдей қатысты.

1А санаты - Қытай мен Иран - карантин.

Осы елдерден Қазақстанға келетіндер үшін қаулы 20 ақпаннан бері жұмыс істеп тұр. Ел аумағына кіргендердің бәрі температурасы мен басқа ауру белгілері болмаса да екі апталық карантинге жатқызылады.

Не нәрсеге тыйым салынған?

Медициналық мекемеден шығуға болмайды, бірақ телефон мен ғаламторды пайдалануға рұқсат берілген. Режимді бұзғандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Карантиннен кейін жағдайларын тексеру үшін адамдарға тағы 10 күн бойы хабарласып отырады.

Ерекшелік. Егер ресми делегацияның мүшесі болып, дипломатиялық құжатыңыз болса, пойыз не ұшақ экипажының мүшесі болсаңыз, не жүк тасымалдумен айналыссаңыз, онда сізді карантинге жібере алмайды.

1Б санаты - Оңтүстік Корея, Жапония, Италия және қытайлық Гонконг, Макао, Тайвань - үйде оқшаулау.

Егер сіз осы елдерден келсеңіз, онда екі апта бойы үйіңізде, қонақ үйде не болмаса тұратын жеріңізде оқшауланасыз.

Денсаулығыңызды тексеру үшін күн сайын сізге дәрігерлер келеді. Қажет болса вирусқа сынама алады. Белгілері байқалса ауруханаға әкетеді. Оқшаулау аяқталғаннан кейін, 10 күн бойы сіздің денсаулығыңызды телефон арқылы бақылап отырады.

Не нәрсеге тыйым салынған?

Үй карантинін бұзып, адам көп жиналған жерлерге баруға болмайды. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ қонақ шақырмай, бірге тұратын адамдармен байланысты шектеу ұсынылады.

Ерекшелік. Бұл санаттағы ерекшелік 1А санатына жататындармен бірдей.

2 санат - Сингапур, Таиланд, Әзірбайжан - медициналық бақылау.

Егер осы елдерден келсеңіз онда сізді мединалық есепке алады. Үйде немесе ауруханада оқшауланбайсыз, алайда екі апта бойы сізді тексеру үшін дәрігерлер келеді.

Медицналық көрсеткіштерге қарап, сізді ауруханаға жатқызуы мүмкін. Екі апта өткен соң, тағы 10 күн бойы мамандар телефон арқылы сіздің денсаулығыңызды біліп отырады.

Не ұсынылмайды?

Адам көп жерге баруға кеңес берілмейді. Екі апта бойы басқа адамдармен байланысты шектеу ұсынылады.

Ерекшелік. Бұл санатта экипаж бен пойыз мүшелері және жүк тасымалдаушылар да медициналық бақылауға алынады.

3 санат - Германия, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Франция, Бахрейн, Кувейт, Испания, Малайзия - хабарласу

Егер осы елдерден келген болсаңыз, онда сіз Қазақстан бойынша медициналық ұйымды хабардар еткен жағдайда ғана жүре аласыз.

Бұл санатта басқа шектеулер жоқ - тек адам көп жиналған жерге бармауға кеңес беріледі. 24 күннің ішінде сізге медицналық қызметкерлер хабарласып, денсаулығыңызды сұрап отырады.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанға шетелден келгендер өз үйлерінде оқшаулана бастағаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843743-auruhana-ne-jde-oksaulau-kazakstanga-setelden-kelgenderdi-ne-ktip-tr/

pixel