RU

Қазақстандық сайттарда медициналық маска бағасы күрт өсіп кетті

Коронавирус аясындағы ақпараттық дүрбелең уақытында интернетте медициналық масқа бағасы артуда. Бөлшек саудада олардың құны 85 теңгеден 120 теңгеге дейін жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстандық хабарландыру сайты "медициналық маска" сұранысына аса ауқымды таңдау ұсынып отыр. Ал жекеменшік хабарландырулар маскаларға таңғаларлық баға беруде.

Негізінен, бағалар бір данасына 85 теңгеден бастап 120 теңгеге дейін құрайды. Бірақ арзан нұсқадағы үш қабатты масканың данасын 20 теңгеден алуға болады. Алайда минималды тапсырыс сомасы 6 млн теңгеден кем болмауы керек.

Ал көтерме саудагерлер Өзбекстаннан тапсырыс бере алады. Бағасы- данасына 102 теңге.

Әрине, мұнда масканы тек өзіңіз алып шығуыңыз керек. Ең қиыны, өндіріс күніне 330 мың маска ғана шығара алады. Осылайша, ірі тапсырыстарды бірнеше күн күтуге тура келеді.

Сатушы тұтынушыдан қажетті дана жиналмайынша, Ташкентке ақшамен келіп, күтуді сұрайды. Ол алдын-ала төлем алмай, күнделікті тауар үшін ақша алып отырады.

Сатушының айтуынша, Алматыда маскалардың бір данасы 115 теңгеден сатылады.

Саудада респираторлық маскалар да бар, олардың құны 350 теңгеден 1000 теңгеге дейін болып отыр. Барлығы масканың нұсқасына байланысты.

Мұндай хабарландырулар елде аталған тауарға сұраныс көп екенін білдіреді. Ал Алматы дәріханаларында медициналық маска жетіспеушілігі байқалады. Кей жерлерде ол, тіпті, 2 ай болмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843746-kazakstandyk-sajttarda-medicinalyk-maska-bagasy-krt-sip-ketti.html