RU

Украинада коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украинада пневмонияның қауіпті түрін жұқтырған алғашқы адам тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

украина

Көрнекі фото: Getty Images / SOPA Images

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары мәліме етті.

"Кеше сіздерге төрт күдікті жағдай барын айттым, бүгін күдік бір адамнан расталды", - деді Виктор Ляшко.

Вирус жұқтырған адам Черновицкий облысында тұрады. Жақында ғана Италиядан келген отбасы мүшелерінен коронавирус белгілері байқалған.

Ляшконың сөзінше, жанұя өздері оқшауланған. Екі күннен кейін ер адамда ауру белгілері байқалыпты. Ол отбасылық дәрігерге жүгініп, оның кеңестерін орындаған.

Сондай-ақ маманның сөзінше, эпидемиологтар науқаспен байланыста болғандармен жұмыс істеуді бастап кетіпті.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың Қытайдан бөлек, тағы 64 елге таралғанын хабарлады. Вирус алғаш тараған сәттен бастап Қытайдан тыс елдерде 8774 адам ауру жұқтырып, 128 науқас қайтыс болған.

Әлем бойынша инфекция жұқтырған 88 984 адамның 80 174-і Қытайда тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінге дейін Қытай Халық Республикасында коронавирустан 2915 адам көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Украинада коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Mailfire view pixel