RU

Иранда 23 депутаттың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иранда 23 парламент депутатынан коронавирус анықталды. Инфекцияға жасалған тест оң нәтиже көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

вирусс

Көрнекі фото: Getty Images / Anadolu Agency

Осыншама депутаттың қауіпті инфекция жұқтырғаны туралы ақпаратты РИА Новости басылымы жергілікті БАҚ-қа сүйене отырып, жасаған.

Спикер көмекшісі Абдолрез Месридің айтуынша, депутаттарға тұрғындармен байланысты шектеуге кеңес берілген. Осыншалықта адамның вирус жұқтырғанына қарамастан, Иран парламенті шnатты режимде жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, соңғы үш аптада Иранда бір жарым мыңнан астам коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. 66 адам инфекцияның құрбанына айналған, тағы шамамен 300 адам емделіп шыққан.

Еске сала кетсек, кеше Иранда 79 жастағы шенеунік коронавирустан көз жұмғаны хабарланды.

Сейед Мохаммад Мирмихаммадтың өлімі жайлы бүгін таңертең белгілі болды. Ол коронавирус жұқтырғандармен бірге жеткізілген ауруханада қайтыс болған.

Одан бөлек, Иранның Ватикан мен Мысырдағы бұрынғы елшісі Хади Хосроушахи коронавирустан көз жұмған болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчиден, кейін 57 жастағы парламент депутаты Махмуд Садекиден де коронавирус табылғаны анықталды.

27 ақпанда, Иранның әйелдер және отбасы мәселесі бойынша вице-президенті Масуме Эбтекардың коронавирус жұқтырғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иранда 23 депутаттың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Mailfire view pixel