RU

ШҚО ауруханаларында қос бухгалтер бірігіп 180 млн теңгеден көп сома жымқырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ШҚО-да жемқорлыққа қарсы күресушілер денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті. Онда өңірдегі аурухана қызметкерлеріне қатысты қозғалған іс жайлы баяндалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Өңірлік жемқорлыққа қарсы қызмет ақпараты бойынша өткен жылы ШҚО-да 15 жемқорлық фактісі анықталған. Айыптау үкімдері сегіз адамға қатысты шыққан.

Мәселен, Шемонаихадағы аурухананың бас бухгалтері Десюпова сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу нәтижесінде оның екі жылда 96 млн теңге ұрлағаны белгілі болды. Ол бұл іске құжатқа жалған мәліметтерді енгізу арқылы қол жеткізген.

Қазіргі уақытта сот Меновное ауылы ауруханасында қызмет ететін басқа бухгалтерге қатысты іс қарастырып жатыр. Әңгіме 85 млн теңге жайында болып отыр.

Ведомство өкілдерінің ойынша, жемқорлыққа бас дәрігерлер мен қаржы бөлімі басшыларының құзіреті септігі тигізеді.

Фактілердің көп бөлігі жұмысшыларға жалақы мен іссапарлық төлемдерді аудару есебінен мемлекеттік қаржыны ұрлау, сондай-ақ шын мәнінде көрсетілмеген қызметтер үшін ақша алу бойынша тіркелген.

Аталған жиында жемқорлықпен күресушілер медицина қызметкерлерінен өз істеріне адал болуды сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО ауруханаларында қос бухгалтер бірігіп 180 млн теңгеден көп сома жымқырған
Mailfire view pixel