Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда үш жасар баланы өлтірген қаскөйдің жазасы өзгеріссіз қалды

Опубликовано:

Бүгін облыстық апелляциялық алқа сүйіктісінің баласын ұрлап, өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Игентай Сопыжановтың жазасын жеңілдетуден бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Алқа отырысында бұл шешімді жиналыс бөлмесінен шыққан төраға Рашид Нұрмағамбетов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Игентай Сопыжановтың апелляциясы дәлелдерін зерделей келе, сот ҚПК ешқандай бұзушылығын анықтаған жоқ.

Судья жиналыс бөлмесінде алқа үкімнің күшін жоюға еш себеп таппағанын мәлімдеді.

"Апелляциялық арызды қанағаттарудан бас тарту. Бірінші инстанция сотының үкімін заңды әрі негізді деп тану",- деді судья.

Еске сала кетсек, бұған дейін алқабилер соты үш жасар баланы ұрлап, аяусыз өлтірді деп күдіктелген Сопыжановты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Бүгін Игентай Сопыжанов өзіне берілген өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын жеңілдетуді сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843775-karagandyda-s-zasar-balany-ltirgen-kaskjdi-zazasy-zgerissiz-kaldy/

pixel