Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан тұрғыны өз үйінде 5 және 10 мыңдық қағаз ақшаларды басып шығарған

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің екінші тергеу басқармасының басшысы елордада жалған ақша жасаған азаматтың құрықталғанын мәлімдеді. Ол өз үйінде бес және он мыңдық қағаз ақшаларды дайындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Басқарма басшысы Олжас Сүлейменов азаматтың үйінің астында цех болғанын, ол арнайы аппаратта жалған теңгелерді дайындағанын алға тартты.

Ол бес және 10 мыңдық қағаз ақшалармен базарларға, дүкендерге барып, сауда жасауға тырысқан. Осылайша, ол бір айда 150 мың теңге жасаған, кейіннен бұл қаржыны жедел қызметкерлер тәркіледі.

Барлық жүзеге асыру фактілері оқиға орнындағы бейнебақылау камераларына жазылды, сондай-ақ, куәгерлерден жауап алынды. Сот қылмыскерді бес жылға бас бостандығынан айырды.

Департаментте қазақстандықтарды қолға түскен ақшаға назар салуға шақырды. Жалған ақшаны анықтаған жағдайда полицияға жүгіну керек. Бұл ретте жалған ақша ұсынған азаматтар ешқандай жазаға тартылмайды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан бойынша Экономикалық тергеу депараменті бірінші тергеу басқармасының жетекшісі Болат Қамитов Арыс пен Отардағы әскери бөлімдерінде оқ-дәрілерді жою барысында ірі сомада ақша ұрланғаны туралы айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843780-nr-sltan-trgyny-z-jinde-5-zne-10-mydyk-kagaz-aksalardy-basyp-sygardy/

pixel