RU

Баланы қалай кітап оқуға қызықтыруға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Баланы кітап оқуға баулу - бұл күндері үлкен мәселеге айналды десек қателеспейміз. Техниканың, әлеуметтік желінің дамыған заманында мектеп оқушысын оқу құралына үңілуге шақыру қиын болып барады. Осыған байланысты KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап баланы кітапқа қызықтыру әдісін ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

1. Баланы кітапқа қызықтырудың танымал тәсілі - Кассиль әдісі. Бұл оқи алатын, алайда кітап оқуға құлқы жоқ балаларға арналған. Кассиль тәсілінде ата-ана кітапты баламен бірге оқуды бастап, қызық жеріне келгенде үй шаруасын сылтауратып баланы жалғыз қалдырып кетуі қажет. Кітаптың қызығын көрген бала оны соңына дейін оқып бітіретіні белгілі.

2. Искра Даунис әдісін психолог Искра Даунис ойлап шығарған. Бұл тәсіл қолданыста "сүйікті кейіпкер хаты" деп те аталып жүр. Бала таңертең оянғанда бөлмесіне оның сүйікті мультфильм кейіпкері (мысалы Халк) хат қалдырғанын көреді. Хатта Халк балаға сыйлығы бар екені және оны қай жерге жасырып қойғаны жазылған. Мектеп оқушысы расымен сыйлықты тауып алады және келесі күні де хат тауып алады. Бірақ бұл жолғысы сәл ұзақтау. Халк өзінің қызық оқиғаларын, бала өміріндегі маңызды нәрселерді жазады. Күн сайын хат ұзарып, күрделене түседі.

3. Балаға үйде жатқан белгілі бір кітапты оқуға тыйым салу да бір тәсіл. Оның сәл манипуляциялық негізі бар, себебі "оны оқуға сенің жасың әлі жеткен жоқ" деп алдауға тура келеді. Бірақ бұл – жақсы ниетпен айтылған өтірік және тыйым салынған заттың құны артатыны белгілі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Баланы қалай кітап оқуға қызықтыруға болады
Mailfire view pixel