Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай уақытта тамақтанудың пайдалы екенін білесіз бе

Опубликовано:

АҚШ ғалымдары қай уақытта тамақтану адам ағзасына пайдалы болатындығын ғылыми түрде дәлелдеді деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

PLOS Biology журналының мәліметінше, Теннесси штатындағы Вандербильт университеті ғалымдары зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Белгілі болғандай, олар оқу орны қабырғасында метоболизм бөлмесін құрып, экспериментке өтуге келіскен адамдарды 56 сағат бойы ұстады.

Төрт айға созылған тәжірбиеге қатысқандардың арасында әр түрлә жастағы адамдар болған.

Басылым ғалымдар қатысушылардың барлығына бірдей тамақ бергенін, ұйықтау уақыттары да бірдей болғанын жазды.

Тамақты бірдей көлемде, бірдей калорияда бергенімен, тамақтану режимін түрлі уақытқа бөлген.

  • Бірінші сессияға қатысқандарға таңғы ас сағат 8.00-9.00 аралығында берілсе, түскі ас 12.30-13.30 аралығында, кешкі ас 17.45-18.15 аралығында ұсынылыпты.
  • Екінші сессияда таңғы асқа бір кесе шәй не қанты жоқ кофе, түскі асқа да шәй мен кофе берсе, кешкі асты 22.00-23.00 аралығында берген. Кешкі асқа таңертең және түсте желінбеген тамақты беріп, бір күндік калорияны бір уақытта берген екен. Мұның барлығы адам жеген астың қорытылуы мен метаболизм үрдісі қалай жүретінін, адам қуатын қалай жұмсайтынын, көміртегі мен майдың қышқылдануын, тыныс алу жағдайын білу үшін жасағаны белгілі болды.
Зерттеу қорытындысына көз жүгірсек, таңғы және түскі тамақты ішпей, кешкі тағамға бас қойған адамдардың ағзасында май жиналып қалғанын байқаған. Адам ағзасы түске дейін ішкен тағамды жақсы қорытып, жақты сіңдіретінін аңғарған. Таңғы және түскі тағамды тойып ішкен адамдардың ағзасы көміртегін түс уақытына дейін тез қорытып, ал кешкіге май мен липидтерді қалдырып, оны түнде, адам ұйқыда жатқан кезде қорытатынын көрген.

Ғалымдардың айтуынша, жұмысқа ешқашан тамақтанбай кетуге болмайды. Бұның ағзаға зиян екендігі айтылды.

Таңғы ас пен кешкі астың арасы қаншалықты ұзақ болса, соншалықты ағзаға пайдалы. Мұндай тамақтану режімі арықтауға әрі асқорыту жүйесін жақсартуға көмектеседі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843794-kaj-uakytta-tamaktanudy-pajdaly-ekenin-bilesiz-be/

pixel