Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Үкіметке және Президент Әкімшілігіне мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым. Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Келесі күн (дүйсенбі) барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 8 наурыз мерекесіне орай елордадағы салтанатты жиналыс пен концерттердің өтпейтінін мәлімдеген болатын.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін", - деді президент.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1843800-tokaev-mereke-knderine-katysty-koldanystagy-trtipti-kajta-karaudy-tapsyrdym/

pixel