RU

Оңтүстік Кореяда қазақстандық коронавирус жұқтырды ма: СІМ жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматының Оңтүстік Кореяда COVID-19 вирусын жұқтырғаны туралы таралған ақпаратқа түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай да ресми хабарлама келіп түспеген", - деді ведомство.

Сондай-ақ, сыртқы істер министрлігі еліміздің дипломаттары Кореяда әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың нақтылығын анықтап жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, осыған дейін басылым беттерінде Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталғаны жазылған.

Айта кетейік, әлемнің бірнеше мемлекетіне жетіп үлгерген қауіпті індетке төтеп бере алмайтын адамдардың категориялары анықталған болатын.

Сондай-ақ, бүгін Украинада пневмонияның қауіпті түрін жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Вирус жұқтырған адам Черновицкий облысында тұрады.

Жақында ғана Италиядан келген отбасы мүшелерінен коронавирус белгілері байқалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Кореяда қазақстандық коронавирус жұқтырды ма: СІМ жауап берді
Mailfire view pixel