RU

Қытайдан тыс елдерде коронавирус жұқтырғандар саны 10 566 адамға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы 24 сағатта аспан асты елінен басқа мемлекеттерде жаңа қытайлық вирус жұқтырғандар саны 1 792 адамға артты. Осылайша, Қытайдан тыс елдерде қауіпті дертке 10 566 адам шалдығып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images / Bloomberg

Фото: Getty Images / Bloomberg

Жалпы алғанда Қытайдан тыс 72 елде 10 566 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Ал соңғы тәулікте әлем бойынша 1792 адам вирус жұқтырды деп хабарлайды РИА Новости.

Коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны да артты. Соңғы 24 сағатта қытайлық вирус Қытайдан тыс елдерде 37 адамның өмірін қиды.

Айта кетерлігі, коронавирус тағы 8 елде анықталды.

ДДСҰ-да хабарлағандай, аспан асты елінде қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 80 304 адам болып отыр. Ал әлем бойынша 90 870 адам тіркелді.

Еске сала кетейік, күні кеше басылым беттерінде Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталғаны жайлы мәлімет тарады.

Көп ұзамай бұл ақпаратқа еліміздің сыртқы істер министрлігі жауап берді.

"Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай да ресми хабарлама келіп түспеген", - деді ведомство.

Ал Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі мессенжерде коронавирус жайлы жалған хабар таратқаны үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрап, арнайы үндеу жолдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайдан тыс елдерде коронавирус жұқтырғандар саны 10 566 адамға жетті
Mailfire view pixel