Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шомылып жүрген баланы достарының көзінше қолтырауын жеп қойды

Опубликовано:

Афириканың Зимбабве қаласында мектеп оқушысы өзенде қолтырауынның шабуылынан көз жұмды. Жыртқыш аң баланы достарының көзінше азаптаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қолтырауын шомылып жүрген баланы достарының көзінше өлтірді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жұма күні, 28 ақпанда 11 жасар Мункули Амасоми Бингі округінің орталығында шомылып жатқан. Бір кезде қолтырауын бесінші сынып оқушысын тап беріп, оны тереңге әкетіп, достарының көзінше азаптап өлтірді деп жазады Lenta.ru.

Амасоми алған жарақаттардан тіл тартпастан көз жұмды. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері баланың денесін судан алып шықты.

Бинги округінің координаторы Фараи Мариньянның мәліметінше, қолтырауын бірнеше айдан бері жергілікті тұрғындардың мазасын алып жүрген. Жыртқыш бұған дейін сиыр мен ешкілерге шабуылдапты.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында қараусыз қалған жылқылар пойыздың астында қалып, мерт болғанын жазған едік. Жантүршігерлік оқиға "Аршалы-Анар" өткелінің маңында болған.

Көліктегі полиция департаменті барлық фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін мал иелерін анықтау шараларын жүргізуде.

Бүгінгі күні темір жол бойында мал жайған 70-тен аса азаматқа әкімшілік айыппұл салынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843824-somylyp-zrgen-balany-dostaryny-kzinse-koltyrauyn-zep-kojdy/

pixel