Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әуезов театры директор қызметінен кеткен Әбдіхалықовқа ерекше құрмет көрсетті

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов күні кеше Әуезов атындағы драма театрының ұжымы алдында басшы ретінде атқарған жұмысының есебін беріп, мекеменің директоры қызметінен өз еркімен кетуге шешім қабылдағанын хабарлады. Танымал актер театр басшысы лауазымын созылмалы ауруына байланысты босатқанын мәлімдеді. Жиылған көпшілік театр үшін ерен еңбек еткен өнер иесіне ерекше құрмет көрсетіп, онымен қимай қоштасты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/auezovtheatre. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/auezovtheatre. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Сәбит Әбдіхалықов өз қоластында жұмыс істеген барша қызметкерлердің басын қосып, олармен қоштасып кетті. Театр ұжымы директор қызметінен кетуді ұйғарған экс-басшыға қошемет көрсетіп, оны шығарып салды.

Жиын барысында аңызға айналған актер Асанәлі Әшімов сөз тізгінін алып, Әбдіхалықовтың театрға сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Артынан оған шапан кигізіп, арнайы сый-сыяпаттар тарту етілді.

Instagram желісінде енер иесі мен театр ұжымының қоштасқан сәті жарияланды. Әсерлі видео желі қолданушыларының жүрегін елжіреткен.

"Бүгінгі қошемет Сәбит Әбдіхалықовқа арналды! Бүгін Сәбит Әбдімүтәліұлы театр қызметкерлерінің алдында 1 жылдық қызметтік есеп бере отырып, денсаулығының созылмалы ауруына байланысты М.Әуезов театрының директор лауазымын өз еркімен босатқанын мәлімдеді.

Театрымыздың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов Сәбит Әбдіхалықовты 94 жылдық театр тарихында үздік басшылар қатарынан орын алатынын жеткізді.

1 жыл ішінде театрдың қаржы шаруашылығын жүйелендіріп, ішкі және сыртқы саясатты орталықтандыру арқасында театр жұмысының алға басқанына ұжым мен көрермендер куә.

Асанәлі Әшімов Сәбит Әбдімүтәліұлына ұжым атынан алғыс айта отырып, шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. М.Әуезов театр ұжымының ақсақалдары атынан сөз алған ҚР еңбек сіңірген әртісі Мұрат Нұрасілов Сәбит Әбдіхалықовқа үлкендерге көрсетілген құрмет, кішілерге бағытталған ілтипатына алғысын білдірді.

«Театр жүрегінің төрінен орын алған Сәбит бауырыма театр есігі әрқашан да айқара ашық» деп Асанәлі Әшімов қорытындылады. Ұжымның орнынан тұрып ұзақ соққан қошеметі - театр директорының еңбегіне ризашылығының белгісі. Сәбит Әбдімүтәліұлына ұжымымыз атынан тағы да алғысымызды білдіре отырып, деніне саулық, алдағы істеріне толағай табыс тілейміз" , - деп жазылған бейнежазбаның астында.

Айта кетейік, бұған дейін Әуезов театрының әртістері Әбдіхалықовты жұмыстан шығармауды талап етіп, шу шығарған болатын. Олар актердің басшылығы кезінде мекеме айтарлықтай гүлдене түскенін алға тартты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843838-uezov-teatry-direktor-kyzmetinen-ketken-bdihalykovka-erekse-krmet-krsetti/

pixel