Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару коронавирус тараған Италияда не болып жатқанын айтты

Опубликовано:

Қазақстандық ару Камилла Атағұлова бүгінде Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейінгі эпидемия ең көп тараған үшінші мемлекет болып тұрған Италияда алтыншы жыл қатарынан тұрып келеді. Қазіргі уақытта бұл елде коронавирустан 79 адам қаза тапты. Ал қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны - 2500 адам. NUR.KZ порталына сұқбат берген ару жергілікті биліктің эпидемиямен қалай күресіп жатқанын және Италияға неліктен әзірге келудің қажеті жоқ екенін айтты.

Қазақстандық ару коронавирустың сладарынан Италияда не болып жатқанын айтты
Фото: Жеке мұрағат: UGC

Камилла - Қызылорданың тумасы. Қазіргі таңда Миланның маңындағы Леньяно қаласында тұрады.

"Адамдар ауруды жұқтырған алғашқы адам туралы білген кезде дүрбелең басталды. Мен өз көзіммен тұрғындардың тұз, макарон, қант өнімдерін жаппай сатып алып жатқанын көрдім.

Дүкендегі сөрелер әпсәтте босап қалды. Ал залалсыздандырғыш құралдар сатылатын сөрелерден бірдеңе табу мүмкін емес еді.

Дәріханаларда бетперделер бітті. Енді оларды тек ғаламтор арқылы сатып алуға болады. Қазіргі таңда жағдайдың бір қалыпқа келгенін айта кетейін. Дүкендегі сөрелер қайта тауарға толды", - деді қазақстандық ару.
Қазақстандық ару коронавирустың сладарынан Италияда не болып жатқанын айтты
Фото: Жеке мұрағат: UGC

Италияның солтүстік бөлігінде жұқпалы ауруды жұқтырғандар басым.

Ақпан айының соңында Милан "қысқы ұйқыға жатқан" сияқты. Алайда қазір қала қайта бұрынғы қалыпта өмір сүре бастаған.

Жаппай іс-шаралар тоқтатылса да кейбір қаланың көрнекі орындарына кіріп көруге болады.

"Миланның өзінде жұмыс істеймін, сол себепті жағдайды өз көзіммен көріп, бақылаймын. Коронавирус мәселесі жақсарып жатқан жоқ. Алайда бақылауға алынды. Мектептер мен жоғарғы оқу орындары екі апта бойы жабық тұр. Ал көптеген қызметкерлер үйден жұмыс істеуде.

Қаланың кей көрнекі жерлері ашылды, алайда ірі халықаралық көрмелер жазға ауыстырылды. Алайда бұл үйде қамалып отыру керек деген сөз емес.

Адамдар далаға шығып, өз шаруаларын жасауда. Тек қауіпсіздік шараларын орындау керек", - деді Камилла.
Қазақстандық ару коронавирустың сладарынан Италияда не болып жатқанын айтты
Фото: Жеке мұрағат: UGC

Бойжеткеннің сөзінше, италиялық билік ауруды жұқтырып алғандар санының өсуіне тосқауыл болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

"Біріншіден, адамдарға вирустың алғашқы белгілері туралы ақпарат беріледі, адам вирусты жұқтырғандармен тікелей араласпай, науқастар емделіп жатқан клиникада жұмыс істесе де карантинге жіберіледі.
Екіншіден, әр ауруханада ауруды жұқтырғандарға арналған арнайы бөлме бар. Үшіншіден, әуежайларда өзге елден келгендердің дене қызуы тексеріледі. Төртіншіден, билік өкілдері адамдарды үрейленбеуге шақырды", - деп нақтылады отандасымыз.
Қазақстандық ару коронавирустың сладарынан Италияда не болып жатқанын айтты
Фото: Жеке мұрағат: UGC

Камилла туризм саласында жұмыс істейді. Оның жұмысы вирустың салдарынан біраз қиындыққа ұшыраған. Бойжеткен адамдарға Италияға біраз уақыт саяхаттаудан бас тартуға кеңес берді.

"Бұл жағдай менің кәсібіме нұқсан келтірді. Мен туристерімді ақпараттандырып, елдегі жағдайды түгелдей баяндап беремін.

Жалпы, келушілердің саны қысқарды. Қонақүйлерде 90% бронь қайтарылды. Бұл елдің экономикасына соққы болды. Бірақ мен Италияның шығынға ұшыраудан қорықпай, тұрғындарының денсаулығын ойлап, мәселені баяндап берген алғашқы ел екеніне қуанамын.

Мен барлық туристер мен Италияға билет сатып алған адамдарға кем дегенде бір ай елге саяхат жасаудан бас тартуға кеңес берер едім.

Себебі қайтып оралғаннан кейін Қазақстанда Италиядан келген азаматтар ұзақ мерзімді карантинге жатқызылады.

"Осы жағдайға қарамастан жақында барлығы дұрысталып, Италия қайта саяхаттауға арналған ең танымал жер болатынына сенемін", - деп түйіндеді ол.
Қазақстандық ару коронавирустың сладарынан Италияда не болып жатқанын айтты
Фото: Жеке мұрағат: UGC

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ-та Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843849-kazakstandyk-aru-koronavirus-taragan-italiada-ne-bolyp-zatkanyn-ajtty/

pixel