RU

32 жасында тұрмыс құрған Луина алғаш рет ана атанбақшы (фото)

Отандық танымал әнші Луина жақын арада алғаш рет ана атанбақ. Өткен жылы дүркіретіп үйлену тойын өткізген ерлі-зайыптылар енді ата-ана болуға қамданып жүрген көрінеді. Өнер иесінің аяғы ауыр екені шоу-бизнес жұлдыздары бас қосқан жиындардың бірінде белгілі болды. Көпшілік мінсіз мүсінді сылқымның іші шығып қалғанын байқап қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/НТК. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/НТК. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Отбасылық өмірге кірісіп кеткен Луина енді ана атануға дайындалып жүр. Өнер иелері жиылған шараға күйеуімен қол ұстасып келген әншінің жүкті екені енді құпия емес.

Отандық бағдарламада көрсетілген сюжеттен әртістің барынша кең киім киіп алғанымен, іші шығып қалғаны анық байқалады.

Алайда, айта кетерлігі, болашақ ата-ана балалы болатынын әзірге көпшілікке жария еткен жоқ. Эстрада өкілі желідегі парақшасында тек бұрынғы фотоларымен бөлісіп жүр.

Еске сала кетейік, қос ғашықтың үйлену тойы өткен жылы 19 қыркүйекте болып өтті. Алматыдағы аса қымбат мейрамханалардың бірінде өткен дүбірлі тойға барша шоу-бизнес қаймақтары шақырылды.

Оған қоса, әнші мен оның сүйіктісі некесін шариғат бойынша қидырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843851-32-zasynda-trmys-krgan-luina-algas-ret-ana-atanbaksy-foto.html