RU

"Вирустан емес, карантиннен қорқады": Қазақстандықтар саяхаттан бас тартып жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар коронавирусқа байланысты басқа мемлекетке еңбек демалысы мен саяхатқа барудан бас тартып жатыр. Бүгінде әр бесінші адам шетелге сапарын тоқтатқан. Ал туристік компаниялар шығындарын есептеп әлек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Туристік фирмалар соңғы апта бойынша әуе билеттері 10 пайызға төмендеп кеткенін мәлімдеді. Одан бөлек, коронавирусқа байланысты адамдар таңдап қойған елдерінен бас тартып, басқа мемлекетке ат басын бұруды жөн санап жатыр.

Мәселен, қазір туристердің таңдауы қауіпті инфекция жете қоймаған ГОА мен Шри-Ланкаға түсіп тұр екен.

Коронавирус әлемдегі туризмге айтарлықтай соққы әкелді. Бүгінде Еуропаның өзінде 422,9 млрд теңге шығын болжанып отыр.

Ал мамандар Қазақстан тұрғындары оңтүстік-шығыс Азияға барғысы келмейтінін айтады. Олардың үрейін тудырып отырған коронавирус емес, елге қайтып келген соң міндеттелетін карантин.

Ол қауіпті инфекция тіркелген мемлекеттердің барлығына қолданылады. Ал бүгінде вирус жайлаған елдер саны 70- тен асып отыр.

Осы тұста турагенттік директоры Евгения Кислова науқастары аурудан айыққан және жаңа коронавирус дерегі тіркелмеген Таиланд жағдайын ерекше атап өтті. Қазір елде науқастар болмаса да, карантиндік ахуалға байланысты сұраныс азайып жатыр.

Ал қазақстандық Саида Сәулебаева Шри-Ланкаға сапарлардың артқанын растады. Ол да сонда бармақ ниетте. Келіншектің сөзінше, коронавирус тіркелмеген Шри-Ланкаға адамар әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, демалуда.

Саида әуе кемесінде туристер борты тепловизор арқылы тексерістен өтіп, ауырмайтынын растайтын қағаз жазып бергенін, ешқандай дүрбелең жоқ екенін айтады.

Ал Aviasales маркетологы Юлия Исакина Қытайда ұшқысы келетіндер мүлде жоқ дейді. Оның сөзінше, Қазақстанға келу үшін билет сатып алғандар саны да 12 пайызға азайған.

Дегенмен қазақстандықтар Ресей (Новосибирск, Санкт-Петербург, Мәскеу) мен Түркияға билет сатып алуды тоқтатар емес.

Еуропадан бөлек, туристік бизнес Таиланд пен Австралияда қатты зардап шегуде. Ал Қазақстанға коронавирус қанша шығын әкелері белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитеті емі табылмаған вирус жайлы тың ақпаратпен бөлісті. Жазба ведомствоның KKKBTU Telegram арнасында пайда болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Вирустан емес, карантиннен қорқады": Қазақстандықтар саяхаттан бас тартып жатыр
Mailfire view pixel