RU

СІМ Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды деген қазақстандық туралы айтып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров еліміздің азаматы Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа нақты жауап қайырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, 2020 жылдың 3 наурызында Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінің орыс тілді топтарында Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген Қазақстан Республикасының азаматы коронавируске шалдыққаны расталды деген ақпарат тараған.

Смадияров аталған әлеуметтік желілер "Қазақстан азаматы ауруханадан қашып кетті" атты хабарлама жібергенін мәлімдеді.

Осыған ұқсас мәліметтің "Хабар 24" арнасында да жарияланғаны белгілі болды.

"Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігі тиісті шаралар жүргізіп, оның нәтижесінде бұл ақпарат расталмады. Жергілікті полиция және біздің азаматпен байланыс орнатылған. Ол бұған дейін клиникаға бармағынын және коронавирус бар-жоғын анықтайтын қандайда бір сараптама тапсырмағанын жеткізді", - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Смадияровтың сөзінше, корей полициясының ақпаратына сәйкес, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық азамат коронавируске шалдыққан адам барған қоғамдық тамақтану орнында болған.

"Осыған байланысты белгіленген тәртіпке сәйкес, оған және сол уақытта аталған орында болған барлық адамдарға егер аурудың сыртқы белгілері байқалған жағдайда вирустың бар-жоғын анықтау тестін тапсыру қажет. Отандасымыз барлық қажетті медициналық процедуралардан өтуге және жергілікті билікпен ынтымақтасуға дайын.
Біздің Елшілік коронавирус Оңтүстік Корея аумағында анықталған алғашқы күннен бастап жергілікті Ішкі істер министрлігімен және Ауруларды бақылау, алдын алу корей орталығымен тығыз жұмыс істеп келеді. Аталған орталықтың ұсынысы бойынша біздің отандасымыз телефон арқылы күнделікті денсаулығына бақылау жүргізіп, үй карантинінде болуы қажет. Бұл ұсыныс аурудың сыртқы белгілері жоқтығына негізделген және оны емдеуге жатқызудан және коронавирустың болуын тестілеуден бас тартылды", - деді ол.

Ресми өкіл Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігі бұл мәселені тұрақты бақылауға алғанын баса айтты.

Одан бөлек, Смадияров басылым өкілдерін тексерілмеген ақпаратты жариялап, елді дүрліктірмеуге шақырды.

Еске сала кетсек, осыған дейін басылым беттерінде Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталғаны жазылған.

Кейінірек осыған байланысты сыртқы істер министрлігі пікір білдірді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СІМ Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырды деген қазақстандық туралы айтып берді
Mailfire view pixel