Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сайрагүл Сауытбай "Халықаралық батыр әйелдер" сыйлығына ие болды

Опубликовано:

Сайрагүл Сауытбай "Халықаралық батыр әйелдер" сыйлығына ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Фото: Азаттық радиосы
Фото: Азаттық радиосы: Instagram

Басылым мәліметінше, 3 наурыз күні АҚШ-тың мемлекеттік департаменті "Халықаралық батыр әйелдер" сыйлығының осы жылғы иегерлерінің тізімін жариялаған.

Олардың арасында Сайрагүл Сауытбайдың аты-жөні кездеседі.

Тізімде 12 елдің азаматшалары бар.

"2017 жылдың қараша айы мен 2018 жылдың наурыз айы аралығында Қытай коммунистік партиясы Сайрагүлді қамау лагеріндегі этникалық топтарды қытай тіліне үйретуге мәжбүрледі. Лагерьге қамалудан қорыққан Сауытбай 2018 жылы наурыз айында Қазақстанға қашып келді.

Өзін лагерьге қамаса, тірі қалмайтынын айтты. Сауытбай Қытай коммунистік партиясының мұсылмандарды қудалау кампаниясы жайлы алғаш айтқан адамдардың бірі болды. Оның куәлік беруінің арқасында халықаралық қауымдастық алғаш рет Қытай коммунистік партиясының мұсылмандарды қудалау саясаты туралы білді”, - делінген АҚШ-тың мемлекеттік департаменті мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетсек, Шыңжаңнан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай 2018 жылдың тамыз айында қазақ-қытай шекарасынан заңсыз өткені үшін кінәлі деп танылды. Ол өзін өлім жазасы күтетінін айтып, ҚХР-ға депортацияламауды өтініп сұрады.

Сот оны депортацияламай, қамаудан босатып, пробациялық бақылау тағайындаған.

Кейінірек этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмай, елден кетуге мәжбүр болды.

Оның күйеуімен және балаларымен Швецияға ұшып кеткені анықталды.

Кейінірек Стокгольмде Сайрагүлдің қатысуымен халықаралық жиын өтіп, ол Қытайдағы "қайта тәрбиелеу лагері" деп аталатын түрмеге қалай тап болғанын айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843882-sajragl-sauytbaj-halykaralyk-batyr-jelder-syjlygyna-ie-boldy/

pixel