Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзгермесе екен": Жәкішевтің қызы әкесінің бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Күні кеше мерзімінен бұрын бостандыққа шығатыны белгілі болған Мұхтар Жәкішевтің қызы Айгерім Жәкішева қуанышты жаңалыққа әлі де сене алар емес. Дәл қазір Лондонда жүрген ол әкесінің абақтыдан босағаны жайлы сүйінші хабарды ең алғаш кімнен естігенін де білмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

Мұхтар Жәкішев. Фото: kazatomprom.kz. Айгерім Жәкішева. Фото: 31 арна
Мұхтар Жәкішев. Фото: kazatomprom.kz. Айгерім Жәкішева. Фото: 31 арна: Instagram

Айгерім әкесінің алдағы тағдыры жайлы жергілікті уақыт бойынша сағат таңғы 6-да білген.

"Менің телефоным жарылып кете жаздады. Жан-жақтан хабарласты. Бостандыққа шығу жайлы үкім шыққанда сену қиын болды. Бәрібір шығармай қоя ма деп уайымдайсың. Мен және жанұям қатты қуанып жатыр, әлі де сене алар емес. Үрей де бар.
Осы 15 күнде біз ештеңе өзгеріп кетпесе екен деп дұға етеміз. Әкемнің шығуына не себеп болғанын әзірге айту қиын. Ешкім де дұрыс жауабын білмейтін шығар. Әкеммен ұзақ құшақтасатын сияқтымыз", - дейді Айгерім Жәкішева.

Айта кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсады және пара алды деген айып тағылған.

Осыған дейін Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату жайлы өтініші екі рет қабылданған жоқ.

Жақында ғана ел президенті "Қазатомөнеркәсіп" экс-басшысына қатысты пікір білдіріп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімді сот қана қабылдайтынын айтқан болатын. Осылайша, мемлекет басшысы шешім әділ боларына сенім білдірген.

Ал 3 наурыздағы сот отырысында Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы үшінші өтініші қанағаттандырылды. Үкім 19 наурыз күні заңды күшіне енеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843894-zgermese-eken-zkisevti-kyzy-kesini-bostandykka-syguyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel