Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауада ұшып жұғатын ауру емес": Профессор коронавирустан қорғану жолдарын атады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда коронавирустың алдын алу мақсатында өткен брифинг кезінде профессор Динагүл Баешова дерттен қорғанудың амалдарын атады деп хабарлайдыKAZ.NUR.KZ "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

"Ауада ұшып жұғатын ауру емес": Профессор коронавирустан қорғану жолдарын атады
Фото: inform.kz, Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Маманның айтуынша, ауруды жұқтырып алмаудың бірден бір тәсілі - жеке бас гигиенасын қатаң сақтау.

"ДДСҰ және коронавирус бойынша жұмыс істейтін ұйымдар бұл дертен қорғанудың ең басты амалы маска тағу емес екенін айтады. Себебі бұл ауада ұшып жұғатын ауру емес. Ең бастысы - жеке бас гигиенасын дұрыс сақтау керек", - дейді Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешова.

Профессордың сөзінше, медициналық маска науқас адам түшкірген кезде ауруды өзгелерге жұқтырмау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, ол науқастармен тікелей жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерге қажет.

"Бұл жағдайда қасыңда тұрған адамнан өзіңді кем дегенде екі метр алыс ұстауың керек. Егер ауырған адамға өте жақын тұрсаңыз, сізді медициналық маска құтқармайды. Оны коронавирус инфекциясын алдын алу үшін қолдануға болады.
Оңтүстік Кореяда дүкенде кезекте тұрған адамдар медициналық маска таққанымен, бір-біріне өте жақын орналасқан. Өздеріңіз көріп отырғандай, соның салдарынан ауырғандар саны күрт өсіп келеді. Вирус жақын байланыс болған кезде жұғады. Жасанды дүрлігу жағдайын тудырудың қажеті жоқ", - дейді ол.

Сондай-ақ, профессор коронавирустан сақтанудың тиімді жолдарын атады.

"Коронавирус 60-70 ыстық температура жағдайында бірден өліп қалады, сол себепті шикі азық-түлік тұтынбаңыздар. Алдымен ыстық сумен жуып алу керек. Қолды жиі жуу қажет", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша, Қытайдан тыс елдерде коронавирус жұқтырғандар саны 10 566-ға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843899-auada-syp-zgatyn-auru-emes-professor-koronavirustan-korganu-zoldaryn-atady/

pixel