RU

Қазақстандықтар үшін 9 наурыз, дүйсенбі жұмыс күні бола ма

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілов "биыл 9 наурыз дүйсенбі қазақстандықтар үшін жұмыс күні ме әлде демалыс па" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

9 наурыз демалыс па жоқ па
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Әбіловтің сөзінше, "мереке күні жексенбіге түссе, онда дүйсенбі күні мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс күні болуы тиіс" деген тапсырманың 3 наурызда түскенін айтты.

"Мерекелер туралы заңға сәйкес, егер демалыс мереке күніне тура келсе, онда ол келесі жұмыс күніне ауысады. Бірақ, бұл заң тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, бәріне бірдей", - деді Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта премьер-министрдің кеңсесінде бұл мәселеге қатысты бірыңғай әдіс әзірлеу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жиын өтіп жатыр.

Әбілов президенттің аталмыш тапсырмасы құқық қорғау немесе арнаулы органдарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарына қатысты болуы мүмкін екенін атап өтті.

Осы орайда ол биылғы жылдың 9 наурызында қазақстандықтар демалады деп болжайтындығын баса айтты.

"Мемлекеттік қызметшілер жұмыс істеуі үшін алдымен, Мерекелер туралы заңға өзгертулер енгізу қажет", - деді Думан Әбілов.

Еске сала кетсек, 3 наурызда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырған болатын.

Одан бөлек мемлекет басшысы коронавирусқа байланысты 8 наурыз мерекесіне орай елордадағы салтанатты жиналыс пен концерттердің өтпейтінін мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843905-kazakstandyktar-sin-9-nauryz-djsenbi-zmys-kni-bola-ma.html