RU

Қазақстандықтарға адам көп жиналған жерге бармауға кеңес берілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық инфекционист Динагүл Баешева коронавирустың әлемге қандай сценариймен тарайтынын ешкім білмейтінін айтты. Оның сөзінше, басқа елдерден анықталғандықтан, Қазақстанға да инфекцияға келуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирусты күтеміз: қазақстандықтарға адам көп жиналған жерге бармауға кеңес берілді

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Бүгінде біздің елімізде коронавирустық инфекция жоқ, Құдайға шүкір. Менің Қазақстан халқына үндеуім бар. Коронавирус Қытай шекарасынан өтіп, басқа елдерге жеткендіктен, біз сіздермен бірге өзге елдерден вирусты күтіп отырмыз.
Күн сайын көптеген елдерге тарауда, вирус еніп жатыр. Бізде вирус сценарийінің қалай болатыны біздің қалай қарым-қатынас жасайтынымызға байланысты болады", - деді дәрігер.

Ол қазақстандықтарға вирус біздің елімізде пайда болса да, оны таратпауға көмектесетін қарапайым ережелерді сақтауды ұсынды.

Көп адам жиналған жерге бармау - "онда сіз танымайтын көптеген адамдар келеді". Жұқпалы аурулар жөніндегі маман ата-аналардың сұрақтарын мысал етіп, мектептерде адамдар көп екенін айтты. Дәрігердің айтуынша, коронавирус тек ауыр формада болмайтындықтан, науқас адамды байқау мүмкін емес.

Баешеваның сөзінше, Қытайда азаматтар қоғамдық орындарға баруын азайтып, үйлерінде болған кезде инфекцияның жұғуы да төмендеген. Сондай-ақ Қытайда науқас болуы мүмкін адамнан 2 метр алшақ тұру керек деген қағида бар.

Қол мен үстелді жуу. Маманның түсіндіруінше, коронавирус басқа вирустарға қарағанда едәуір ауыр. Сол себепті жөтеліп не түшкірген кезде беткі қабатқа түсіп, сонда қалады.

Бұл үстел немесе таяныштың беті болуы да мүмкін. Егер оны антисептикпен сүртпесе, оны ұстағаннан кейін көз бен мұрынды ұстаса, вирус жұғады.

Нұр-Сұлтандағы фармацевтикалық қызмет қауымдастығының басшысы да антисептик сатып алуға кеңес берді. Ол елордалық дәріханаларда маскалардың белсенді түрде сатылып жатқанын, ал антисептиктердің жеткілікті екенін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Динагүл Баешева коронавирустан қорғанудың амалдарына атаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтарға адам көп жиналған жерге бармауға кеңес берілді
Mailfire view pixel