Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-ге өткен Жалғас Жұмағұловтың алғашқы қарсыласы белгілі болды

Опубликовано:

Жақында ғана UFC-пен келісім шартқа отырған қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың алғашқы қарсыласы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/kaz_fighters
Фото: Instagram/kaz_fighters: Instagram

Бұл туралы KAZAKHSTAN MMA FIGHTERS Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Хабараламадан UFC Fight Nights 176 турнирі аясындағы кездесуде отандық спортшымыз Жалғас Жұмағұлов пен америкалық Джордан Эспинозаның жекпе-жекке шығатыны жазылған.

Сондай-ақ кездесу 13 маусым күні елордадағы "Astana Arena" стадионында өтеніні айтылды.

Айта кетейік, 29 жастағы АҚШ өкілі аралас жекпе-жек сайыстарында 22 кездесу өткізіп, 14 рет жеңіске жеткен. Джордан Эспиноза соңғы үш кездесуін ол UFC-де өткізген.

Ал бұл жекпе-жек Жалғас Жұмағұлов үшін UFC турниріндегі алғашқы кездесуі болмақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жалғас Жұмағұловтың әлемдегі ең танымал Ultimate Fighting Championship (UFC) прмоутерлік орталығымен келісім шартқа отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Кейінірек аралас жекпе-жек шебері танымал промоутерлік компаниясындағы алдағы жоспары туралы мәлімдеме жасады.

Жұмағұлов UFC промоутерлік орталығымен келісімге келген қазақстандық екінші спортшы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843923-ufc-ge-tken-zalgas-zmaglovty-algasky-karsylasy-belgili-boldy/

pixel