RU

Иранның өнеркәсіп министрінен коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иранның өнеркәсіп және сауда министрі Рыза Рахмани коронавирус жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Рыза Рахмани. Фото:president.ir

Рыза Рахмани. Фото:president.ir

Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта министр жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты. 

Иранда бұған дейін де көптеген шенеуніктер COVID-19 вирус жұқтырған. Олардың арасында Иранның әйелдер және отбасы мәселесі бойынша вице-президенті Масума Ибтикар, Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Иреч Хирчи, жедел жәрдем басшысы Пирхосейн Куливанд және парламенттің 23 депутаты бар.

26 ақпанда Иранның Ватикан мен Мысырдағы бұрынғы елшісі Хади Хосроушахидің 2 наурызда 79 жастағы саясаткер Мохаммад Мирмихаммадтың коронавирустан көз жұмғаны белгілі болды.

Соңғы деректерге сәйкес, Иранда 2336 адам коронавирус жұқтырып, оның 77-сі осы инфекциядан қайтыс болған.

Одан бөлек, әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 90 мыңнан асқан. Үш мыңнан астам науқас қайтыс болған.

Вирус Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия елдерінде кең тарап жатыр. ЕО елдерінде екі мыңға жуық адам ауырып, 38-і көз жұмған. Олардың дені – Италия азаматтары.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иранның өнеркәсіп министрінен коронавирус анықталды
Mailfire view pixel