RU

Аялдамада танго билеген әйел адам желідегілердің көңілін көтерді (видео)

Әлеуметтік желіде көшенің қақ ортасында әйел адамның танго билеген сәті тарап, көпшіліктің көңіл-күйін көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/instagram/golden_moon_134mia
Видеодан кадр/instagram/golden_moon_134mia: Instagram

Қызықты видеоны Алтынай Нұрманбаева есімді желі қолданушысы Instagram-дағы парақшасында жариялап, "Барлығыңыздың күндеріңіз жақсы өтсін! Позитивті болыңыздар. Өмірде тек қуанып, би билеңіздер. Бәрекелді", - деген жазба қалдырды.

Кадрдан аялдама жанында құлаққап киген әйел адамның өз-өзімен билеп, "шыр көбелек айналып", автобусқа мінгенін байқауға болады.

Бұны көрген желі оқырмандары қала тұрғынының әрекетіне жоғары бағасын беріп, алғыстарын жаудырды.

"Мереке келе жатқаны сезілуде", "Күлкіден өлдім", "Көңіл-күйімді көтергені үшін осы жанға алғысымды білдіргім келеді", "Тамаша", "Менің де билегім келіп кетті", "Көктем маусымын жақсы көңіл күймен аштыңыз, жарайсыз", - деп жазды олар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ухань қаласының Фан Цан ауруханасында коронавирустан емделіп жатқан науқастардың көңілін көтеру мақсатында дәрігерлердің би алаңын ұйымдастырғанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, медицина қызметкерлерінің арасында тәжірибелі қазақ дәрігері де бар болып шықты. Ол науқастарға "Қара жорға" биін билеп берген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843946-aaldamada-tango-bilegen-jel-adam-zelidegilerdi-kil-kterdi-video.html