RU

Үйсіз адамға маскасын берген қытайлық баланың әрекетіне ел сүйсінді

Ғаламтор бетінде қытайлық баланың үйсіз адамға медициналық бетперде берген видеосы тарап кетті. Роликті көрген желі қолданушылары жасөспірімнің әрекетіне тәнті болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үйсің адамға маскасын берген қытайлық баланың әрекетіне ел сүйсінді (видео)
Видеодан кадр: Twitter

Ер баланың қайырымды әрекеті көшедегі камералардың біріне түсіп қалған.

Видео YouTube желісіндегі RT арнасына салынған.

Кадрларда екі баланың қоқыс салатын жәшіктің жанында тұрғаны байқалады. Жасөспірім қоқысқа қолындағы бөтелкесін тастамақ болған.

Алайда ол ойынан айнып, жәшікті ақтарып тұрған үйсіз ер адамға қолындағы пластикті береді. Ал үйсіз жанның маскасыз екенін көргенде ол досынан медициналық бетпердені тартып алып, оны ер адамға кигізеді.

Видеоны көрген желі қолданушылары жасөспірімнің әрекетіне сүйсініп, оның адамгершілігіне тәнті болған.

"Көптеген адамдар осы бала сиқяты болса ғой", "Сыртқы келбетіне қарап сынамаңыздар", "Адамгершілік әлі де бар екен", "Бұл бала Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы болуы керек", "Осындай балалар көп болуы керек", - деп жазды көпшілік.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда қайыр тілеп тұрған адамға ақша берген қыз баланың әрекетіне көпшіліктің сүйсінгенін жазған едік.

Жантебірентерлік оқиғаның видеосы әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843948-jsiz-adamga-maskasyn-bergen-kytajlyk-balany-reketine-el-sjsindi-video.html