RU

Арман Шораев ұлттық кеңестің құрамынан неге шыққанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамынан шыққан қоғам қайраткері Арман Шораев оның себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Арман Шораев ұлттық кеңестің құрамынан неге шыққанын айтты

Арман Шораев. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Шораевтың айтуынша, ол Ақордаға кеңестің құрамынан шығатын жаңа жылдың алдында айтыпты.

Тіпті, өз орнына лайықты деп тапқан үш адамның тізімін ұсынған. Ал соның біреуі кеңес қатарына қосылыпты.

Қайраткер өзі ұсынған адамдардың есімін атамаса да, дегенмен ол "ұлттық кеңестегі міндетімді атқардым" деп есептейді.

Арман Шораевтың сөзінше, Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығып, оның кеңеске кірер алдындағы талабы орындалған.

"Шынымен де, ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне кіруге келісім берердің алдында бізде кәдімгідей дау да болды. Менің бір талабым болды. Соның ең маңыздысы – Мұхтар Жәкішев пен Макс Боқаевты босату. Енді, бүгін қуанып отырмыз. Мұхтар шығып жатыр. Ендігі кезек Макстікі деп ойлаймын", - дейді Шораев.

Сондай-ақ қайраткер ротация болғаны дұрыс деп санайды. Айтуынша, өзгерістер тек ұлттық кеңесте ғана емес, билікте де болуы керек.

"Кеңестің құрамы жаңарып тұруы керек. Бұл қатып қалған бір ұйым емес қой. Басқа жігіттер де өз саласының мәселелерін көтеріп, шешімін табуы керек деп ойлаймын. Басқаларға орын бермей, отыра беруге болар еді. Мен ондай адам емеспін", - деп атап Арман Шораев.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес мүшелерінің алмастырылғанын Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазған болатын.

Сонымен бірге Ақорданың баспасөз қызметі де Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына ротация жасалғанын хабарлады.

Ротация аясында Ұлттық кеңестің құрамынан Эльвира Әзімова, Аружан Саин, Болат Палымбетов, Арман Шораев, Бақытжан Бұқарбай, Азаматхан Әміртаев шығарылған.
Ал құрамға Бақытбек Смағұл, Марат Башимов, Шыңғыс Мұқан, Арман Қашқынбеков, Ләззат Қожахметова, Айнұр Сәбитова алынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арман Шораев ұлттық кеңестің құрамынан неге шыққанын айтты
Mailfire view pixel