Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар коронавирустың мутацияға ұшырағанын айтты

Опубликовано:

Қытайлық ғалымдар коронавирустың мутацияға ұшыраған айтты. Олардың сөзінше, вирус агрессияланып, жылдам тарай бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ tsargrad.tv-ға сілтеме жасап.

Ғалымдар коронавирустың екі типін анықтады
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қытайлық ғалымдардың National Science Review журналына айтуынша, Қытайда коронавирус басталғалы бері ол 150 мутацияға ұшырап, L және S деп аталатын екі типке бөлінген.

Мамандар коронавирустың 103 үлгісін зерттеп, вирустың штаммында өзгеріс болатынын анықтаған.

Енді ғалымдар вирусты екі түрге бөліп отыр. L-типті вирус 70%-ға жиі кездессе, ал қалған 30%-ы S-типті вирус.

Бірінші түрі - Уханьда өте белсенді түрде тараған. Сарапшылардың пікірінше, вирустың бұл типі адамның араласуының арқасында пайда болған. Ол S-ке қарағанда агрессивты әрі жылдам тарайды.

"Біздің сараптама S типі SARS-CoV-2 бастапқы нұсқасы болуы мүмкін екенін көрсетті. Сондай-ақ біздің біздің зерттеу нәтижелері L типі агрессивті екенін де көрсетті", - делінген мақалада.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясы Қытайдан бөлек әлемнің 72 елінен анықталған. Сондай-ақ дүние жүзі бойынша 10 556 адам аталмыш індетті жұқтырып алған. Одан бөлек, 37 адам коронавирустың құрбанына айналған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843962-galymdar-koronavirusty-mutaciaga-syraganyn-ajtty/

pixel