Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлық сәулетші коронавирустан қорғайтын "қапшық" ойлап тапты (фото)

Опубликовано:

Қытайлық сәулетші коронавирустан қорғану үшін "қапшық" ойлап шығарды. Құрылғыға "Бэтмен бол" атауы берілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

қытайлывқ архитектор
Фото: Penda China: Twitter

Туынды жарқанат пішінде жасалған. Оны жолдорба секілді иыққа асып жүруге болады. Құрылғы ПВХ қабықшамен жабылып, ультракүлгін шамдармен жабдықталған. Олар "қапшықты" коронавирус инфекциясы өлетіндей температураға дейін жылытады.

Өнертапқыштың сөзіне сүйенсек, бұл үшін Цельсий бойынша +56 градус ыстық жеткілікті. Сондай-ақ ол құрылғының микробтарды өлтіріп, адам айналасын залалсыздандыратынын айтты.

Алайда ДДСҰ мамандары туындының қауіпсіз екеніне сенбейді. Олардың айтуынша, лапмалар адам терісін күйдіріп тастауы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін ғалымдар коронавирустың мутацияға ұшырағанын хабарлаған еді. Мамандардың сөзінше, вирус L және S деп аталатын екі типке бөлінеді.

L-типті вирус 70%-ға жиі кездессе, ал қалған 30%-ы S-типті вирус. Біріншісі S-ке қарағанда өте жылдам тарайтын көрінеді.

Сондай-ақ соңғы мәліметтерге сәйкес, ДДСҰ дерегі бойынша Қытайдан тыс жерде коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1843964-kytajlyk-suletsi-koronavirustan-korgajtyn-kapsyk-ojlap-tapty-foto/

pixel