Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың баспасөз хатшысы жексенбіге сәйкес келген мерекеден кейін кімдер жұмыс істейтінін түсіндірді

Опубликовано:

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің мерекеден кейін келетін демалыс күндері мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа шығуы туралы мәлімдемесіне пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің демалыс және мейрам күндеріндегі жұмысы жөнінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазған жарияланымына байланысты көптеген өтініш келіп түскен.

"Бірнеше күнге созылатын мереке мен одан кейін келетін демалыстар кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетсіздігі мемлекет басшысының осы жазбасына себеп болды", - дейді Берік Уәли.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы бүгінде еліміз көршілес мемлекеттердегі коронавирус індетінің таралу қаупімен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлармен (қардың қалың болуы, су тасқыны) және басқа да қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын еске салды.

Оның сөзінше, мұның бәрі барлық мемлекеттік құрылымдардың шұғыл әрі жүйелі жұмыс істеуін талап етеді.

"Сондықтан президент мемлекеттік қызметшілердің мерекелерден кейін келетін күні (дүйсенбі) жұмысқа шығуын орынды санайды. Бұл жерде Президент Әкімшілігінің, үкіметтің, министрліктердің, мемлекет басшысына тікелей бағынышты ведомстволардың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің қызметкерлері туралы сөз болып отыр", - деді Берік Уәли.

Ол осы ретте, Қазақстанның заңнамалары толық сақталуы тиіс екенін жеткізді.

Сонымен қатар президенттің баспасөз хатшысы еңбек одексінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілерді мерекеден кейінгі демалыс күні де жұмысқа шақыруға болатынын айта кетті.

"Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 32-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндері кезек күттірмейтін, алдына ала жоспарланбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа шақыруға болады. Еңбек кодексі бойынша, мемлекеттік қызметшілер өздерінің жазбаша келісімімен ғана жұмысқа шыға алады және олардың еңбегіне ақы төленуі тиіс.
Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, демалыс, мереке күндері жұмысқа шыққан қызметкерге өз қалауы бойынша бір күндік демалыс беріледі немесе бір күндік еңбекақысы кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді.
Осылайша Еңбек кодексінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілерді мерекеден кейінгі демалыс күні де жұмысқа шақыруға болады", - деген ол жалпы заңнама өзгермейтінін атап өтті.

"Мемлекет басшысы ондай тапсырма берген жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа еңбек этикасын қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілер мен еліміздің барлық азаматтарын еңбекқорлық пен жауапкершілік идеологиясын ілгерілетуге шақырғанын атап өткім келеді", - деп түйіндеді ел президентінің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1843995-berik-uli-prezidentti-merekeden-kejingi-demalys-kni-zmys-isteuge-katysty-tvitine-pikir-bildirdi/

pixel