RU

"Жеңіл ақша болмайды": Оқапов "Ломбард 24" жарнамасына түскен әртістерге қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Әли Оқапов атышулы "Ломбард 24" жарнамасына түсіп, бастары дауға қалған өнердегі әріптестеріне қатысты пікір білдірді. Ол аталмыш оқиға көпшілік үшін үлкен сабақ болатынын алға тартып, шоу-бизнес жұлдыздарын қаржылық сауаттылығын арттыруға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Роза Рымбаеваның тұңғышы даулы мәселеге тап болған жұлдыздар атышулы ломбард жарнамасына білместігінен түскенін жеткізді. Оған қоса, өнер иесі олардың кейбірі ел қатарлы қыруар қаржысынан айырылып қалғанын айтты.

"Жеңіл ақша болмайды ғой. Бір жағынан қайтадан соған көзіміз жетті. Елімізде де, ТМД мемлекеттерінде де қаншама жыл бойы осындай нәрселер болды ғой. Алдау операциялары бұрыннан бар дүние. Алайда, өкінішіке орай, адам әрдайым ұмтылады, үміттенеді. Жеңіл жолмен немесе тез, ешбір кемшіліксіз пайда табамын деп. Бірақ, өкінішке орай ол мүмкін емес.
Олар біріншіден, өздері алданған жандар. Машинасын және қарызға ақша алып тіккен. Барлығын да мен танимын. Мейіржанды да, Айқынды да, ағайынды Төлеповтермен де араласамын. Олар өздері алданып қалды. Сондықтан оларға ренжудің не болмаса қарғаудың қажеті жоқ сияқты" , - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұстады.

Айта кету керек, "Гарант 24 Ломбард" филиалының директорлары Қазақстанның үш қаласында тұтқындалды.

Ал "Гаранттың" 27 жастағы иесі Аслан Мырзабеков 29 ақпан күні Кишинев қаласында ұсталды.

Сондай-ақ, әнші Айқын Төлепберген мен актер Асылхан мен Артур Төлеповтер "Гарант 24" жарнамасына түскені үшін халықтан кешірім сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жеңіл ақша болмайды": Оқапов "Ломбард 24" жарнамасына түскен әртістерге қатысты пікір білдірді
Mailfire view pixel