RU

"Бәрі түс секілді": Бедеулікке ұшырап, 11 жыл бала сүймеген әйел жан сырын ақтарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысының тұрғыны Райгүл Сапарова тағдырдың сынағымен екінші сәбиін бірнеше жыл күткен аналар қатарында. Ол тұңғышы біршама ерекшеліктермен дүниеге келген соң, қызын емдету үшін талай жылдарын сарп еткен. Осылайша, екінші сәбиді жоспарлауды кейінге қалдырған Райгүлге дәрігерлер бедеулік диагнозын қояды. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Райгүл бүгінде Алланың құдыретімен екінші сәбиін босанғанын айтты.

"Бәрі түс секілді": Бедеулікке ұшырап, 11 жыл бала сүймеген әйел жан сырын ақтарды

Фото: Жеке мұрағат

"Үлкен қызымның денсаулығында кінәраттар көп болды. Жолдасым екеуміз сәбиімізді емдету үшін талай жерді жағаладық. Қызымыз аяққа тұрсын деген ниетпен оның еміне бар күш-жігерімізді, қаражатымызды салдық десем, артық емес.
Сол қызым қатардан қалмасын деген оймен, екінші бала туралы жоспарды кейінге қалдыра бердім. Ал жылдар өз дегенін істейді емес пе? Оның үстіне, әйел адамның ағзасы мейілінше жас кезде балалы болуға бейім. Уақыт өте келе екінші сәбиімді көтеру қиындай түскенін сездім", - дейді ол.
"Бәрі түс секілді": Бедеулікке ұшырап, 11 жыл бала сүймеген әйел жан сырын ақтарды

Фото: Жеке мұрағат

Райгүл арада 11 жыл өткен соң екінші баланы өмірге әкелу туралы ойлана бастайды. Бірақ Райгүлдің өзі қалағанымен, денсаулығы жарамсыз болып шықты.

"Жоғарыда айтып өттім. Әр нәрсе уақытымен болуы керек екен. Дәрігерлер денсаулығым жарамайтынын айтты. Бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Тіпті, ең соңында маған бедеулік диагнозы қойылды. Бұл мен үшін үлкен соққы еді. Себебі, артымызда ұрпақ қалғанын қалайтын қазақпыз ғой. Осылай басымды тауға бір, тасқа бір соғып жүргенде оралдық Анар атты емшінің барын білдім. Ол қашықтықтан емдей береді екен.

Алғашында қашықтықтан ем алған қалай болар екен деп біраз ойландым. Өйткені, өзім Атырауда, емші Оралда. Бірақ дәрігерлерден бедеулік туралы естіп алған соң бұл маған кедергі болған жоқ. 2019 жылдың ақпанында ем ала бастағам. Наурыз айында жүкті екенімді білдім. Алланың құдыреті шексіз ғой.

Дәрігерлер өшірген үмітімді Анар апай қайта жақты. Сол кісінің дұғасы мен Алланың тілегімді қабыл еткенінің арқасында ана атану бақытын тағы да сезіндім", - дейді Райгүл.

Бүгінде Райгүл мен жолдасы екінші сәбиінің қас-қабағына қарап отыр. Дүниеге тағы бір ханшайым келді. Осы орайда, Райгүл барлық қыз-келіншектерге кеңесін берді.

"Әйелдің алғашқы міндеті – ана атану. Сондықтан, ана атануды кейінге қалдырмаңыздар. Жас кезде, денсаулық барда бірнеше сәбиді дүниеге әкелгенге ештеңе жетпейді. Бастапқыда қиын көрінгенімен Алла жеңілдігін береді. Әр үйде сәбидің іңгалаған даусы шығуына тілектеспін", - дейді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бәрі түс секілді": Бедеулікке ұшырап, 11 жыл бала сүймеген әйел жан сырын ақтарды
Mailfire view pixel