Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырып алудан қорыққан саясаткерлер аяқпен амандасты (видео)

Опубликовано:

Әлемге таралып жатқан коронавирустың салдарынан сескенген саясаткерлер бүгінде қолмен емес, "аяқпен" амандасуға көшкен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

коронавир
Видеодан кадр: Facebook

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымдарының бас хатшысы Мохаммед Баркиндо Ресейдің Энергетика министрі Александр Новакпен, ресейлік делегация мүшелерімен ерекше әдіс - аяқ арқылы сәлемдескен.

Баркиндоның амандасқан сәті МЭЕҰ-ның Twitter желісіндегі парақшасында жарияланған.

Амандасудың мұндай жаңа түрі коронавирустың кең таралуынан соң пайда болған. Өйткені вирус жұқтырғандар арасында саясаткерлер де жетерлік.

Дәрігерлердің кеңесіне сүйенсек, кез келген басқа адаммен байланысқан соң қолды міндетті түрде жуу керек. Осы қағиданы ұстанған кейбір адамдар сәлемдесуді мүлдем құп көрмейді.

Мәселен, Германияның ішкі істер министрі Хорст Зеехофер коронавирусқа байланысты қол алысудан бас тарту туралы шешім қабылдаған.

Министр тіпті, жақында ел канцлері Ангела Меркельмен де қол алыспай қойған еді.

Одан бөлек, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов қол алысып амандасудан бас тартып, қазақтың көнеден қалған дәстүрі "иіліп сәлем беруді" қайта жандандыруды ұсынған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844013-koronavirus-zktyryp-aludan-korykkan-saasatkerler-aakpen-amandasty-video/

pixel