Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

DAZN Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің датасын айтты

Опубликовано:

DAZN компаниясының атқарушы төрағасы Джон Скипер орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылаған. Екі тараптың әңгімесі барысында мексикалық пен Головкиннің арасындағы үшінші кездесудің қашан болатыны туралы мәселе көтерілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/gggboxing
Фото: instagram.com/gggboxing: UGC

Стриминг көпшілік күткен бокс кешін осы жылдың 12 қыркүйегіне жоспарлауда.

Жекпе-жектің қайда болатыны кейінірек анықталады.

Алдын-ала болжам бойынша, Головкин-Альварес арасындағы өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек Лас-Вегас пен Техас штатындағы спорт кешенінде өтеді.

Бәріміз білетіндей, қазақстандық боксшы мен мексикалық спортшының алғашқы екі жекпе-жегі Лас-Вегасте өткен.

Қос спортшының арасындағы кездесуде тең есеп тіркелсе, екінші айқаста төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, осыған дейін ІBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жарақат алып қалғанын, сол себепті жоспарлаған кездесуін кейінге қалдырғанын жазған болатынбыз.

Осыған байланысты, Головкин мен оның командасы Халықаралық бокс федерациясына титулды қорғау үшін уақыт беруді сұраған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844016-dazn-golovkin-alvares-arasyndagy-sinsi-zekpe-zekti-datasyn-ajtty/

pixel