RU

Әблязовтың сыбайласы БАӘ-ден Қазақстанға экстрадацияланды

Қазақстанның Бас прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп "БТА Банктің" бұрынғы атқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Біріккен Араб Әмірлігінен елге экстрадациялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

аблязлв
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Құзырлы органның сайтындағы хабарламаға сәйкес, Ибрагимов 4 наурызда экстрадацияланған.

Ибрагимовтың банк активінен 95 миллиард теңге ұрлаған деген күдікке ілінгені хабарланды. Болжам бойынша, қылмыс Әблязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының басқа мүшелерімен бірлесіп жасалған.

Бас прокуратураның мәліметінше, Ибрагимов жауапкершіліктен жалтару үшін Біріккен Араб Әмірлігінде Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатымен жүрген.

Банктің экс-директорын ұстауға Қазақстан, Қырғызстан және БАӘ-нің құзырлы органдары, сондай-ақ Әмірліктегі қазақстандық елшілік атсалысқан.

Нәтижесінде ер адамның төлқұжаты жалған екені расталып, оны қамауға алып, содан соң Қазақстанға берген.

Құзырлы органның хабарлауынша, қазір Ибрагимов Алматыда уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске сала кетсек, кеше Нью-Йорк соты Мұхтар Әблязовты Алматы әкімдігі мен БТА Банкіне 54 миллион теңге төлеуге міндеттегені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844033-blazovty-sybajlasy-ba-den-kazakstanga-ekstradacialandy.html