RU

Билет бағасы 500 мыңнан көп: Қазақстандық ару азаматтарды Кореядан эвакуациялауды талап етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

KAZ.NUR.KZ редакциясына қазіргі уақытта Оңтсүтік Корея астанасы Сеулде жүрген қазақстандық жүгінді. Ол әуе билеттері бағасының қымбаттығына, Кореяны бірінші санаттағы "қолайсыз" елдер қатарына жатқызғанына қарамастан, Қазақстан билігінің өз азаматтарын эвакуацияламай отырғанына шағымданды.

қазақстандық

Сеул көшесі. Фото: Янина

Янина есімді қыз Оңтүстік Кореяда төрт жылдан бері тұрып келеді. Ол жақында ғана университет бітірген. Жас қыз коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанға келгісі келетінін, алайда әуе билеттерінің бағасы "шарықтап" кеткендіктен мұны жасау мүмкін болмай отырғанын айтты.

"Air Astana компаниясының ресми сайтында маған тек бір бағытқа (13 наурыз - ред.) керек билет бағасы жарты миллион теңгеден көп!
Бұл бағаны көргенде менің ашуымда шек болмады. Кез келген адамның осындай сомадағы билетті алуға мүмкіндігі жоқ қой. Демек, үйлеріне қайтқысы келген көптеген қазақстандықтар осында қалуға мәжбүр", - деді Янина.

NUR.KZ тілшісі әуе компаниясының ресми сайтынан 13 наурызға Сеул - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша билет бағаларын тексерді. Олардың құны шынымен де бір адамға, бір бағытқа 395 мыңнан бастап 555 мыңға дейін. Айта кету керек, рейстердің бәрі дерлік Алматы арқылы отырады, тек біреуі ғана тікелей ұшады.

Алайда әуе компаниясының сайтында бұдан да арзанырақ 233 мың теңгелік билеттер бар. Бірақ бұл рейстер Таиланд астанасы арқылы ауысып отыруды ұсынады.

Біз бұл ақпаратты Янинаға ұсындық. Алайда ол Таиланд арқылы ұшу да қауіпті екенін айтты. Айта кетсек, Таиланд "қолайсыз" елдердің екінші санатына жатады.

"Иә, бірақ бұл рейс Таиланд арқылы ұшуды ұсынады. Өздеріңіз білетіндей, көптеген елдер Оңтүстік Кореядан келетін адамдар үшін кіруді күшейтті", - деді қазақстандық.

Бойжеткен биліктің Оңтүстік Кореядан өз азаматтарын эвакуацияламайтынына да наразы.

"Оңтүстік Кореяны "қолайсыз" елдердің бірінші санатына қосқаны анықталды. Егер Оңтүстік Корея ҚХР-мен бірдей болса, онда бізді неге эвакуацияламайды деген сұрақ туындайды.
Неліктен біз эвакуациялаудың орнына, үйге билет сатып алу үшін үлкен соманы төлеуіміз керек? Мұнда отанына орала алмай отырған қаншама отандасымыздың барын елестетіп көріңізші. Таңнан бері елшілікке хабарласуға тырысып жатырмын, алайда ешкім жауап бермейді", - деді қазақстандық.

Сондай-ақ Янина коронавирусқа байланысты қазір елде не болып жатқанын айтты. Оның сөзінше, адамдар вирус жұқтырмау үшін өздерін барынша оқшаулауға тырысуда. Көптеген компаниялар қызметкерлерінің жұмысын тоқтатуға немесе оларды қашықтықтан басқаруға көшкен.

Air Astana әуе компаниясы баспасөз қызметінің NUR.KZ-ке хабарлауынша, төмен және орта бағадағы билеттер сатылып кеткендіктен, қазіргі уақытта сайтта билет бағалары жоғары тариф бойынша көрсетілген.

"Үкіметтің қаулысына сәйкес, біз Оңтүстік Кореямен әуе хабарламасының санын қысқарттық. Бес рейс болған, қазір біреу.
Біздің сайтта билеттің барлық бағасы көрсетілген. Арзандарын сатып алғандықтан, қазір тек қымбат билеттер қалды. Біздің өткізу сыйымдылығымыз жеткіліксіз, жолаушылар көп, рейстер аз.
Сеул мен Нұр-Сұлтан арасындағы өткізу сыйымдылығы 50%-ға, Сеул мен Алматы арасындағы 80%-ға қысқарды", - деді Air Astana корпоративтік коммуникация менеджері Тілек Әбдірахимов.

Біздің тілші Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне "ел билігі Оңтүстік Кореядан өз азаматтарымызды эвакуациялауды жоспарлап отыр ма?" деген сауал қойды.

"Әзірге эвакуациялау туралы мәселе жоқ", - деді министрлік.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Корея Қазақстан үшін "қолайсыз" елдердің бірінші санатына кірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Билет бағасы 500 мыңнан көп: Қазақстандық ару азаматтарды Кореядан эвакуациялауды талап етті
Mailfire view pixel