Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда аялдамада тұрған әйел ЖКО-ның салдарынан аяғынан айырылды

Опубликовано:

Алматыда бүгін, таңғы 7-де Мақатаев пен Наурызбай көшелерінің қиылысында жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан әйел адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Полиция департаментінде жүргізушінің мас күйде болғаны хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Аялдамада тұрған әйел ЖКО-ның салдарынан аяғынан айырылды
Фото: Sputnik / Стрингер: UGC

Куәгерлердің сөзінше, Ford Transit көлігі Мақатаев көшесімен жоғары жылдамдықпен келе жатқан.

Бір кезде жүргізуші көлікті басқара алмай, Toyota Camry көлігіне соқтығысқан. Қозғалысты инерция бойынша жалғастырған шағын автобус шетке ұшып, аялдама кешенінің бір бөлігі мен автобусты күтіп отырған 61 жастағы әйелді қаққан. Содан кейін арыққа ұшып, ағашқа және велосипед тұрағына соғылды.

Zakon.kz басылымының хабарлауынша, зардап шеккен әйел екі бірдей аяғынан айырылыпты.

"Науқас жан сақтау бөлімінде аса ауыр жағдайда жатыр. Диагнозы: екі аяқтың травматикалық ампутациясы, сол жақ білектің жабық сынуы. Травматикалық шок", - деп хабарлайды Алматы денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция департаментінде аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарланды.

"ЖКО-ның мүшелері зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 345- бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды ",- деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844052-almatyda-aaldamada-trgan-jel-zko-ny-saldarynan-aagynan-ajyryldy/

pixel