RU

Димаш коронавируспен жан салып күрескен қытайлық дәрігерлерге жазба арнады

Күллі әлемді ғажайып даусымен таңғалдырып жүрген Димаш Құдайберген коронавирус жаулаған Ухань қаласындағы дәрігерлерге әсерлі жазба арнады. Қытайда асқан танымалдылыққа ие өнер иесі қиын кезеңде қауіпті вируспен аянбай күресіп жатқан жатқан медицина қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash: UGC

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында коронавирустің ошағына айналған Ухань қаласындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Тума талант бұл қиын-қыстау кезеңде дәрігерлердің еңбегі мен үлесі орасан зор екенін атап өтті.

Әнші қытайлық Weibo әлеуметтік желісінен Уханьдағы медицина қызметкерлерінің фотосын көрген. Суретте дәрігерлердің үстіндегі қорғаныс киімде Dimash және Dears деп жазылып тұрғанын байқауға болады.

"Желіде dears-дәрігердердің суреттерін байқап қалдым. Бүгінгі күні олар жанын салып, Уханьдағы адамдарды аман алып қалу үшін күресіп жатыр. Жақын арада барлығы аяқталады деп үміттенемін. Өздеріңізді күтіңіздер" , - деп жазған ол.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясы Қытайдан бөлек әлемнің 72 елінен анықталған. Сондай-ақ дүние жүзі бойынша 10 556 адам аталмыш індетті жұқтырып алған. Одан бөлек, 37 адам коронавирустың құрбанына айналған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844060-dimas-koronaviruspen-zan-salyp-kresken-kytajlyk-drigerlerge-zazba-arnady.html